Құқық қорғау органдары

Қоғамдық көліктерге бақылау күшейді

Полицейлер жолаушылар тасымалымен айналысатын қауымдастық өкілдерімен бірге рейдтік шаралар ұйымдастырып, көліктердің техникалық жай-күйін қадағалауда. Алдын алу жұмыстарын жүргізіп, ескерту қағаздарын таратып жүр.

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

– Рейдтік шаралар барысында көптеген ереже бұзушылықтар анықталды. Мысалы, көліктердің техникалық жағдайы дұрыс болмау, тағы көлік құралын қайта жабдықтау сынды фактілер анықталған. Ол үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Магжан Ахмадина