Білім

НЗМ-нің ұжымы тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Дәл қазір білім ордасының оқушылары қорап-қорап азық-түлік, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттарды мына көлікке артып жатыр. Мұнда бір центнерден артық макарон, 35 келіге тарта күріш және 20 литр күнбағыс майы бар. Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы, ата-аналармен бірлесіп қысқа уақыт ішінде 361 мың теңге көлемінде ақша жинаған. Бұл қаражат Ғ.Мүсірепов ауданындағы Рузаев елді мекеніне жолданбақ. Айта кеткен жөн, осы мекемеде жыл сайын сәуірдің 29-ы күні дәстүрлі түрде тойланатын Наурыз мейрамы биыл аталып өтілмейді. Өйткені, білім ошағы бұл шараға арнайы жинаған қаражаттың барлығын да қызыл судан зардап шеккен теріскейліктерге беруді жөн көрген. Бұны мектеп оқушылары да құптапты.

Тынымқан Кушбаева – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-аналар комитетінің мүшесі:

–  Бірінші 3 күннің ішінде жиналған тамақтар мұнда. Өзіміздің өңірімізді осылай су басып жатқанында, біз қарап тұра алмадық. Сондықтан көмегімізді аяған жоқпыз. Ақшалай бердік, күріш, вермишель, макарон, май, консерві және т.б. заттар жиналып жатыр.

Тогжан Акмагамбетова