Спорт

Петропавлда теріскейлік жаттықтырушыларды еске алуға арналған ашық облыстық турнир бастау алды

Алайда, кездесу соңғы раундтарда басымдық танытқан солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілді.

Асылбек Тастүлек – жарысқа қатысушы, СҚО:

– Бүгін аздап қиын болды. Ертең бар күшімді саламын. Мақсатым-турнирде чемпион атану.

Жеңістен үміттілердің қатарында ресейлік Тлеген Жүсіпов те бар. Жасөспірім өз күшіне сенімді. Бокспен шұғылданып жүргеніне 7 жыл болыпты. Сондықтан болар, турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Тлеген Жүсіпов – жарысқа қатысушы, Омбы, РФ:

– Қарсыласым осал болған жоқ. Алайда, оған жеңіске жету үшін тәжірибем аздау болды, әлі де үлкен дайындық керек деген ойдамын.

Жалпы турнирге Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 120-ға жуық спортшы қатысуда. Олардың 30-дан астамы – солтүстікқазақстандықтар.

Ринат Сейітмұхамбетов – турнирдің бас төрешісі:

– Солтүстікқазақстандық жаттықтырушыларды еске алуға арналған ашық облыстық турнир осымен 4-ші мәрте өткізілуде. Жыл сайын қатысушылардың саны артуда. Биыл жарысқа 120-дай былғары қолғап шебері жиналыпты. Олар 15 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтамақ.

Аталмыш турнир облыс орталығында 4 күнге жалғасады. Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Эльмира Садвокасова