«Қазақ хандығы» деп аталған бұл биді арулар 3 айға жуық дайындаған.
Аружан Әбішева – «Айзере» би ұжымының мүшесі:
– Иә, ұзақ дайындық жүргіздік. Бүгін бар күшімізді салып биледік. Үздік көрінгіміз келеді.
Аталмыш би фестивалі республикалық «Жастар жастар үшін. 21-ші ғасыр музейі» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Бұл жоба елімізде осыдан 5 жыл бұрын бастау алған. Қазір ол барлық аймақтарда әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады екен.
Ақмарал Елеусізова – «Абылай ханның резиденциясы» музей кешенінің қор сақтаушысы:
– Шараның мақсаты – салт-дәстүр мен салт-санамызды жұртышылыққа көрсетіп паш ету. Сондай ақ ұоттық құндылықтарымызды жаңғырту.
Бұған дейін суретшілер мен дизаинерлер өзара мықтыны анықтаған болса, бүгін 8 би тобы жеңімпаз атануға тырысуда. Өйткені сайыс соңында үздіктер қатарынан көрінгендер ақшалай сыйлықпен және арнайы дипломмен марапатталмақ.
Айгерим Ержанова