Бірақ, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берер емес. Аймағымызда есірткі қабылдаушы жасөспірімдердің саны артып келеді. Былтыр 400-ге жеткен. Жиын барысында Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов жауапты тұлғаларға бірқатар ұсынысын айтты.
Жасұлан Ахметов – СҚО ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы:
– Жыл сайын елімізде есірткіден 5 мыңға жуық бала көз жұмады. Ең жасы 15-те. Яғни, мектеп оқушылары. Олар 7-10 жыл ғана өмір сүреді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына айтарым, психобелсенді заттарды сататын орындарды анықтаңыздар. Ал учаскелік полиция инспекторлары мен психологтар тәуекел тобына жататын балалардың ата-аналарымен жүйелі жұмыс атқаруы тиіс.
Білім басқармасындағылар ата-аналар балаларының тәрбиесіне көңіл аудармайды, мектептегі жиналыстарға қатыспайды дейді. Осы тұста өңіріміздің бас полицейі білім бөлімдерінен қаражат бөліп, тілазар, тәрбиесі нашар балаларды
ЭКСПО халықаралық көрмесіне апаруды ұсынды. Берік Біләловтің айтуынша, өмірдің жақсы жағын көрген баланың болашақта дүниеге деген көзқарасы өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ, жиын барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөнінде сөз қозғалды.
Берік Қасен