Қоғам

Мамырдың 2-сі Петропавлға “Умягчение злых сердец” Құдай ананың иконасы әкелінеді

Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир Құдай ананың бейнесін бізге қысқаша сипаттап берді. “Умягчение злых сердец” суреті түрліше бейнеленген. Онда құдай ананың жүрек тұсына 7 қылыш, пышақ, кейбір бейнелерінде 7 жебе бағытталған.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Мұндағы 7 саны – адамдар жиі жасайтын негізгі күнәларды көрсетеді. Солардың бірі – өркөкіректік. Осының кесірінен адамзат нәпсісін тыя алмайды, зинақорлық жасайды. Бұған дәстүрлі дінімізде тыйым салынған. Икона мамырдың 4-іне дейін қалада, келесі күні Сергеевка мен Мамлютка қалаларында болады. Адамдар иконаға бола ұзын сонар кезек құрып, уақытымызды зая шығындамаймыз деп келмей жатады. Бұл дұрыс емес. Құдай ананың бейнесіне барлық православтықтар басын тигізу керек. Сонда ғана Құдайға деген құрметі артып, күнәларынан арыла алады.

Берік Қасен