Спорт

Солтүстік Қазақстанда велоспорттың кезекті маусымы ашылды

Даниил Зенкевич – жарысқа қатысушы:

– Бастапқы кезде қиын болды. Желге қарсы жүрдім. Ал қайтарда жеңіл болды. Жалпы жақсы жарысып шықтым деген ойдамын. Бапкерімнің көңілі толды.

Ауыздығымен құс тістеген велошабандоздар бірінен соң бірі жарыс жолына шығып, түрлі қашықтықтарды бағындыруда. Бүгінгі ауа райы да оларды қуантар емес. Жел соғып біраз кедергілер келтіруде. Тақтайдай тегіс жолмен бүгін 80-ге жуық спортшы жүріп өтпек. Олар жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінген.

Владимир Парахин – велоспорттан олимпиада резервіндегі БЖСМ директоры:

– Маусымның ашылуына орай ұйымдастырылған қала біріншілігі бұл бірінші кезекте спортшылардың дайындығын байқау. Біртіндеп ұлттық құрама мүшелері іріктелетін болады. Біз сәуірдің 28-і күні мутинбайктан жастар арасында республикалық жарыс өткізбекпіз. Сонымен қатар мамырдың 6-сы барлығына арналған үлкен веломарафон ұйымдастырылады. Алдағы жоспарларымыз осындай.

Қала біріншілігінің жеңімпаздары бір аптаның ішінде анықталмақ. Бұл күндері төрешілер велошабандоздардың уақытын анықтау жұмыстарымен айналысатын болады.

 

Риат Шони