Ауыл шаруашылығы

Петропавлда ауылшаруашылығы саласы мамандарының панельдік отырысы өтті

Ербатыр Мадияров – СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Сонымен қатар, СҚО 8-9 шілдеде және 5-6 тамызда Астана қаласында 2 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді. Оған 600 тоннаға жуық өнім жеткізу жоспарланып отыр. Барлық өнім жөнелту алдында сапасы мен ветеринариялық талаптарға сәйкестігіне қарай куәландырылатын болады.

Еліміз үшін маңызды шара кезінде Астанаға облысымыздың 54 кәсіпорынының тауары жөнелтілмек. Аталған жоспарды іске асыру үшін өңір кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары дайын тұр. Мәселен, жылына СҚ-нда еттің 90-92 тоннасы, сүттің 525 мың тоннасы өндіріледі. Ал жұмыртқа 576 млн данаға дейін шығарылады.

Александр Макеев – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Қазір өңірде мал шаруашылығы бірқалыпты дамып келеді. Бүгінде облысымызда ірі қараның саны 330 мың бас. Оның 132 мыңы агроқұрылымдарда. Жылқылар 111,5 мыңнан асады. Ал қойдың саны 373,4 мың.

Десе де, өңіріміздің мал шаруашылығы саласының дамуы Ақмола мен Қостанай облыстарынан кейін келеді.

Аюп Ысқақов – «СолтҚазМӨҒЗИ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Біздің ауыл шаруашылығы салысанда біріншіден, өнімділік төмен, ал екіншіден өнім сапасы төмен. Мал азығындағы рацилондар технологиясын жұрыс қолданбаймыз.

Профессор Аюп Ысқақовтың сөзінше, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес кешенді бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуы тиіс. Сонда ғана, еліміздің аграрлық секторы экономиканың жаңа драйверіне айналмақ. Ал мына жақта өңір аграриилері жиылып қаржы төңірегінде, яғни, ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайын сөз етуде. Ағымдағы жылы солтүстікқазақстандық 250 серіктестік көктемгі дала жұмыстарына «Казагро» қаржы институтынан несие рәсімдеген.

Серік Малаев – «Ақселеу» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Биылғы жылы субсидия 140 млн теңге. Оның 131 млн-ына бүріккіш техника аламыз. Қалған 9 млн-ы басқа техника алуға жұмсалмақ.

Жалпы ағымдағы жылы өңір аграриилеріне көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қолдау ретінде 20 млрд теңге субсидия бөлініп отыр.

 

Айгерим Ержанова