ТЖ

Өңірдегі су тораптарының деңгейі бақылауда

Николаевка мен Жарғайың ауылдарынан көшірілген тұрғындар үйлеріне оралып жатыр. Ал, қатты ағын бүгін таңертең Қызылжар ауданына жеткен. Бұл жайлы алдын-ала хабарланып, түн ішінде Семипалатный селосынан 61 адам көшірілген. 38 бас мал да қауіпсіз жерге апарылды. Ал, облыс орталығына су әлі жеткен жоқ.

Мұндағылар толық дайынбыз деп отыр. Демалыс күндері ағын Петропавлдан бірақ шықпақ. Қазірдің өзінде қаладағы тораптың деңгейі 14 смге көтерілген. Тәулік бойына 9 бекет кезекшілік атқаруда. Тұрғындарды көшіру үшін Бескөл, Ойқала мен Былғары зауытынан арнайы орындар мен азық-түлік қоры дайындалған. Ал, Сергеевка су қоймасындағы тіршілік көзінің мөлшері керісінше азайып, 2 метр 35 смге түскен. Ал тұрғындарды алаңдатып отырған екінші толқынның болу-болмауы бірнеше фактрге байланысты.

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы:

– Егер Астанадан бір мезетте көп мөлшерде су босатылса ол міндетті түрде Есіл арқылы ағып бізге жетеді. Бірақ ол айтарлықтай қауіп төндірмейді. Кешеден бері ондағы су босату мөлшері қалыпқа келтірілді. Ал, келесі фактр – РФ-ның аумағында жатқан бізден аққан су барып құятын Ертіс өзеніне тікелей байланысты. Егер ондағы су деңгейі біздегіден төмен болса су өз ағысымен кетіп, жағдай тұрақталады. Ал, тым жоғары болса жағдайдың күрделенуі ғажап емес. Жауын-шашын түссе тіпті жығылғанға жұдырық болмақ. Бұл әзірге болжам ғана.

 

Акбопе Танирберген