Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемгі тасқынға қарсы шаралар Петропавл қаласында да қызған

Өйткені ойпатқа толған су шандор арқылы Ойқала ауданы жағына өтіп кетіп,
ауданында тұратын 5 мың адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Тасқын су демалыс күндері Былғары зауыты ауданына да жетеді. Қазір мұнда ұзындығы 800 метрлік ескі дамба 7,5 метрге дейін биіктетіліп жатыр.

Мұнда камаздармен мың жарым (куб) текше сары балшық әкелінеді. Жұмысшылар шаруаны екі күннің ішінде тындырмақшы.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Былғары зауыты ауданына су жеткен жағдайда 200-ге жуық ірі қара және ұсақ малды қауіпсіз жерге шығарамыз. Бүгінде малдарды қамайтын орындарды дайындап қойдық. Қалада жедел әрекет ету топтары жұмыс істейді. Маңызды шараға қажетті мөлшерде инертті материал әзір тұр.

Ал мынау Былғары зауытында былтыр тұрғызылған жаңа дамба. Оның екінші жағы бетондармен мықтап бекітілген. Жергілікті атқарушы органдар осы аудан тұрғындарының түн ұйқысы тыныш болады деген сенімде. Дей тұрғанмен, Былғары зауыты мен Заречный кенті аудандарында құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Аталған аудандарда төтенше жағдай жарияланса,жергілікті тұрғындар мектептердің базасында құрылған уақытша паналау пунктеріне қоныстандырылады. 13 орта мектебі 50 адамға арнап орын дайындаған. Мына бөлме сәбиі бар аналарға арналған. Мұнда үш кереует тұр. Бірақ ол жеткіліксіз болуы мүмкін.

Бауыржан Жүнісов – 13 орта мектептің директоры, Заречный кенті:

– Бізде қосымша кереуеттер мен төсек орындар бар. Бірінші қабатта осындай бір бөлме дайын тұр. Матрац, төсек жабдықтары бәрі жеткілікті. Жақында 30 бөтелке таза ауыз су әкелінді.

Мұнда қажетті медициналық бұйымдар мен препараттар да жеткілікті. Адамдар келіп паналаған жағдайда тәжірибелі дәрігерлер тәулік бойы кезекшілік атқармақ.
Мектептің асханасында келушілерге ыстық тамақ беріледі.


Берік Қасен