Құқық қорғау органдары

Петропавлда темір-терсектерді қолды қылған баукеспе ұсталды

– Прогуливался, увидел, что территория не охраняется. Увидел металл на территории и решил его вывезти. Вызвал автомашину «Газель» и все вывез”.

Қамауға алынған 29 жастағы күдіктінің осыған дейін басы істі болыпты. Ол “Газель” автокөлігін жалдап, қолды қылған мүлікті темір қабылдау орнына өткізіп ақша таппақ болған. Бүгінгі таңда қала тұрғынының осы сияқты 6 ұрлыққа қатысы бар екенін расталып, оның жәбірленушілерге 900 мың теңге шамасында шығын келтіргені анықталды.

Ернар Қожабек – Петропавл қ. ІІБ 2 полиция бөлімінің тергеушісі:

– Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бабтың санкциясы бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Осы орайда полицейлер тұрғындардан өз мүліктеріне абай болуды ескертеді. Жыл басынан облыс аумағында 1365 ұрлық тіркеліп, қылмыстардың 70 пайызға жуығы ашылған.

Тогжан Акмагамбетова