Құқық қорғау органдары

Елімізде көктемгі балық аулауға тыйым салынған мерзім басталды

Жерлестеріміз сәуірдің 15-інен Есіл бассейінің су айдындарында сүйікті істерімен айналысуға рұқсат жоқ. Ал, Есіл және Сілеті өзендері мен олардың құймаларында 1 ай бойы балықтың кез келген түріне қармақ салуға болмайды. Тәртіпті елемегендерге айыппұл салынады. Былтыр Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аталған су жануарларын заңсыз аулаға қатысты 73 хаттама толтырыпты. Осылайша, бюджетке 839 мың теңге өндірілініп алынған.

Жаслан Сәулембеков – Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

– Сәуірдің 15-іне мамырдың 15-іне дейін шортан, аққайран және көксеркеге қармақ салынбау қажет. Ал, сазанға маусымның 20-сына дейін тиіспеген жөн. Гамарусты 1 тамыздан 14-ші қыркүйек аралығында аулауға болмайды.

 

Култанов Байболат