Билік

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Есіл өзеніне жақын орналасқан елдімекендерде болды

Соның әсерінен Есіл өзені арнасынан асып, маңындағы төмен орналасқан 11 елді мекенге қауіп төндіруде. Солардың ішінде Есіл ауданындағы Жарғайың және Николаевка ауылдары бар. Соңғы аталған елді мекенде аймақ басшысы болып, жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев жедел әрекет ету тобы мен қажетті техникалар тосын жағдайға сақадай-сай деді.

Мұратбек Әбішев – Есіл ауданының әкімі:

– Бүгінде Жарғайың ауылының барлық тұрғынын, яғни 109 адамды көршілес Өрнек ауылына мал, мүлкімен көшірдік. Аталған жерде жедел топ тәулік бойы кезекшілік жасауда. Сондай-ақ, Николаевка селосындағы 40 үйде тұратын 114 адамды уақытша паналау пунктіне көшірдік. Малдары да қауіпсіз жерде.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жағдайды үнемі бақылауда ұстаңыздар. Тұрғындардың өміріне сіздер жауаптысыздар. Мал шығыны болмасын. Адамдар да өз кезегінде төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ақыл-кеңесіне құлақ асып, су басуы мүмкін аумақтарға жоламағаны жөн.

Бүгінде Николаевка селосындағы 40 үйден адамдар уақытша көшірілді. Бірі мектептер, басқалары туыстары мен таныстарының үйін уақытша паналай тұрады.

Валентина Алпеева – Николаевка селосының тұрғыны, Есіл ауданы:

– Құтқарушылар мен тәртіп сақшыларына алғысымды айтамын. Олар мал- мүліктерімізді көшіруге көмектесті. Тіпті, жертөледе сақтаулы тұрған картобымды да шығарып берді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысына көңіліміз толады. Барлық тұрғынды дер кезінде ескертті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қараңыздар. Казгидромет мамандардың мәліметінше, үш күннен кейін нөсер жауын болады. Ол жағдайды ушықтыра түсері анық. Сондықтан, босаңсуға әлі ерте. Бала-шағаларыңызды көзден таса қылмаңыздар.

Николаевка селосына Сергеев гидроторабынан босатылған қызыл су үш күннен кейін жетеді деп болжануда. Десе де қазірдің өзінде Есіл өзені арнасынан асып, төменде орналасқан үйлерге су жақындап, қоралардың ішіне кіріп жатыр.

Елена Алпеева – Николаевка селосының тұрғыны, Есіл ауданы:

– Бұрын мұндайды көрмейтінбіз. Биыл су үйімізге дейін жетті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Тұрғындардың шығындары болса, орнын толтыруға көмектесеміз.

Аймақ басшысы су басуы мүмкін қауіпті аумақты қарап шығып, құтқарушыларға жағдайды бақылаудан шығармауды ескертті.

Берік Қасен