Денсаулық сақтау

Жергілікті дәрігерлер тәжірибе алмасуда

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері алғашқы болып өңірімізге келді. Меймандар облысымызда 6 ота жасауды жоспарлаған. Бірақ, оның саны 4-ке дейін қысқарды. Өйткені, науқастарды тексеру барысында дәрігерлер 2 емделушіні тағы да қосымша тексеріске жіберуді жөн санаған. Кардиохирург Арайгүл Ыдырышева Петропавлда жүрек ауруына шалдыққан екі адамға операция жасапты. Жалпы қазір Солтүстік Қазақстанда 500-ге жуық адамның жүрегіне хирург қолының шипасы қажет. Жоспарланған оталардың 150-і жүрек соғысын қалыпқа келтіруге арналған.

Арайгүл Ыдырышева – «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ кардиохирургі:

 

– Біздің орталықтың алдыңғы қатарлы мамандары СҚО-ғы әріптестерімен үнемі байланыста. Кей кездері аса ауыр халдегі науқастарға ота жасар алдында дәрігерлер бір-бірімен ақпарат алмасып, жағдайды бақылауда ұстап отырады. Тәжірибе алмасу ақ халаттылар үшін өте қажет.

Айгерим Ержанова