Билік

Жақында жарық көрген Еобасы мақаласы қызу талқыға түсуде

Президенттің газет бетінде жарық көрген еңбегімен толық танысып шыққан жергілікті халық қалаулылары әсіресе осы жобаға ерекше көңіл аударып отыр. Бүгінгі Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосқан жандарды барлық ел тануы тиіс дейді, депутаттар. Себебі – жастардың қоғамдағы жағдайларға шынайы көзбен қарап, болашаққа ұмтылулары үшін үлгі керек.

Екатерина Старостина, Облыстық мәслихаттың депутаты:

– Қазір жастардың арасында көп тіл біліп, жаңа технологияларды меңгеру сәнге айналған. Олар салауатты өмір салтын ұстанып, білім алуға күш салып қоғамды жаңашылдыққа сүйрейді. Елбасы “100 жаңа есім” жобасын шығарды. Жастардың қарап бой түзейтін тұлғалары біздің өңірдеде жетерлік. Қанша спортшылдарымыз бар. Оларға өзгелер еліктейді. Әрқайсымыздың алдымызда елімізді таныту міндеті тұр”.

Біржан Жалғасбаев, Облыстық мәслихаттың депутаты:

– Тап осы мақала өзіміздің ұлтымыздың қанымызға сіңген ұлттық қасиетімізді жоғалтып алмай, бұзып алмай армен қарай әлемдік жаһанда болып жатқан түрлі өзгерістерге ауыса отырып шешім қабылдайтын бәр сәт туып тұр. Бұл ретте біз өзіміздің қасиетті туған жеріміздің әр-бір тау тасын, табиғатын қастерлеуіміз керек. Бізден кейінгі ұрпаққа саф күцінде эеткізу үшін осы мақала аясында үлкен жұмыс жасауымыз керек. Өз батырларымыз бен тұлғаларды ұмытпай құрмет ретінде өскелең ұрпаққа елімізді ерлерімізді әлемге таныстыру үшін жұмыс жасаудың жаңаша бір жолын қарастыру керек.

Акбопе Танирберген