Құқық қорғау органдары

Петропавлдық полицейлер РФ азаматының өмірін сақтап қалды

Өңірімізге келген Нижневартов облысының 79 жастағы тұрғыны көлік ішінде эпилепсиялық ұстамаға ұшырайды. Оқиға кезінде машинаны ер азаматтың туысы жүргізіп келе жатқан. Алайда, ол абдырап жанындағы адамға көмек көрсете алмапты. Абырой болғанда осы сәтте жергілікті тәртіп сақшылар қолғабыс білдірген екен. Жерлестеріміз науқасты таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Олар кейін жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалады. Уақытында жеткен дәрігерлер сонымен қатар ,сырқат жанда кіші инсульт болғандығын анықтаған.

Николай Малыш – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрулдік полициясы батальонының полицейі

– Полицейлер науқасқа көмек көрсетті. Ол тәсілдерді біз әскери жаттығу кезінде үйренеміз. Осылайша олар науқасты құтқарып қалды. Тағы, жуырда жергілікті құқық қорғаушылар 77 жастағы зейнеткерді ажалдан аман алып қалды. Шіркеуден келе жатқан қарт жүрек талмасына ұшырап құлайды. Осы сәтте жақын маңда жүрген майор Канат Жұмағазин мен лейтенант Ринат Рахимов жедел жәрдем шақырып, науқастың жанында дәрігерлер келгенше болған.

 

Акбопе Танирберген