Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтар Елбасының мақаласын талқылады

Мақаланың маңыздылығы сол, мемлекет басшысы Отанды сүю мен жершілдіктің, тарихыңды тану, тегіңді білу мен рушылдықтың аражігін ажыратып берді. Құжаттың өзегі сан ғасырлық тарихымыздан тамыр тартып, бүгінгі дәуір тынысымен еркін үндеседі. Тағы мемлекет басшысы туған жерін әлемге танытқан азаматтарды үлгі етуге тиіспіз дегенді айтты. Ал теріскей жерінде ондай тұлғалар жетерлік деді жиныда сөз сөйлеген облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Елбасының құжаты елімізді жаңа жолға бастар жол. Жұмыс орындарын ашып, хальықты жалақымен қамтып отырған кәсіпкерлер жетерлік.

Өңір жетекшісінің бұл ойын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын Тайшыбай жалғай түсті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері біздер табиғи байлығымызды, мұнай мен кенімізді айтып мақтана бермей, елімізді биік белестерге көтерген тұлғалармен әлемге әйгілі болу керекпіз дегенді айтты.

Зарқын Тайшыбай- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Қазақстан өзінің мәденитімен, талапты ұл-қыздарымен белгілі болуы керек.

Елбасы осы еңбегінде тағы ысырапшылдық, дүниені босқа шашпау туралы ойын да айтып өтті.

Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгерістерге бастары анық. Жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алуға мүмкіндік туады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме әзірленіп, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады. Жалпы елімізді мекен еткен сан ұлт өкілдері тіл білгеннің пайдасы зор деп отыр.

Рашид Надиров – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ СҚОФ төрағасы:

– Өз балаларымды 3 тілге үйретім жүрмін. Басқа ұлт өкілдері де солай жасайды деген ойдамын. Осыған ассамблея мүшелері өз үлестерін қосады деген сенім мол.

Ал, жиында сөз сөйлеген жастар болса, мемлекет басшысының бұл еңбегі де еліміздің келешегін айқындайтын тың жоба болып саналады дейді. Сондықтан, кейінгі ұрпаққа зор міндеттер жүктеліп отыр.

 

Магжан Ахмадина