Құқық қорғау органдары

Жергілікті полиция қызметкерлері қарақшылық жасаған екі күдіктіні ұстады

ДУМАН МАҒЗҰМОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ІІБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

– Оқиға орнына жеткенде жәбірленушінің ұялы телефоны мен ақшасы қолды болғандығы белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 бен 33 жас арлығындағы Петропавл қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Қарақшылардың әрекеті сол маңдағы дәмхананың бейнекамерасына түсіп қалыпты. Бұл жағдай қылмыстың ізін суытпай.

КҮДІКТІ:

-Мы его вывели за общагу. Женя его ударил и забрали деньги.

– Кто такой Женя?

– Мой подельник.

– Вы с ним давно знакомы?

– Месяц

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар қамауға алынып, аталмыш оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Енді айыпталушылар 5 тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында осы сынды 4 факті тіркелген.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.

 

Эльмира Садвакасова