Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Су қоймаларындағы жағдай әзірге тұрақты

Су шаруашылығы бойынша Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының жергілікті филиалының қызметкерлері берген мәліметке сәйкес, қазір Петропавл су қоймасындағы жағдай да тұрақты. Оның деңгейі 1 күнде 3 см-ге ғана көтерілген. Тәулігіне бұл жерден 1,56 млн текше метр су босатылуда. Бүгінде облыс орталығындағы су торабының ернеуінен шығуына әлі 20 см бар.

Сондай-ақ, облысымызда тұрғын үйлердің су астында қалмауы да назарда. Мәселен, бүгінге дейін 170 елді мекеннен 29 мың текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылған.

 

Айгерим Ержанова