МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют және Жамбыл аудандарында болды

Кәсіпорын егін егуде заманауи технологияларды қолданады. Ал шаруашылыққа тиесілі алқаптарда тегеурінді техника жүйіткіп жүр. Құмар Ақсақалов аграрийлерге парға қалдырылған алқаптар көлемін арттырып, егіс айналымын қолдануды жүктеді. Кейін облыс әкімі «Династия агро» серіктестігіне соқты. Мұнда кәсіпкер майлы дақылдарды өңдеумен айналысады. Олар зығырдан табиғи техникалық май шығарады екен.

Бизнесмен алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Ал Мамлют ұн үгу комбинаты – аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда шетелдік қондырғылар орнатылған. Соның арқасында сапалы өнім шығарылып, ол ел нарығы мен шетелге экспортталуда. Осы жерде облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауданның диқандарымен жүздесті. Биыл олар 175 мың гектардан астам жерге ырыс дәнін сіңіріп, алқаптың 100 пайызын егіс айналымымен қамту жоспарлануда. Маңызды науқанға қажетті тыңайтқыштар бар, тұқым жеткілікті. Жанар-жағармай уақытылы жеткізіліп тұрады дейді жергілікті диқандар. Осы ретте облыс әкімі шаруаларға барлық агротехнологияларды қолдануды жүктеді.

 

Магжан Ахмадина