МТРА жаңалықтары

Христиан дініндегі жандар үшін қасиетті апта басталды

Бүгін қалымыздағы Вознесения Господня шіркеуіне ағылған жандардың саны көп. Келушілердің қолдарында ұстаған шырақтары бар. Олар оқылған дұғаға қосылып, құдайға құлшылық етіп жатыр.

Бұл қасиетті мереке 1 аптаға созылады. Христиандар осы уақыт ішінде оразаны берік ұстаулары шарт. Және үнемі Иса пайғамбардың рухына арнап дұға бағыштаулары тиісті.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Өткен жексенбі күні “Вербное воскресенье”-ні атап өттік. Бұл күні, яғни, біздің ғасырдың 33 жылы Иса пайғамбар Иерусалим қаласына кіреді. Оны тұрғындар құшақ жая қарсы алады. Дегенмен, 3 күндесін адамдар сатқындыққа жол беріп, Иса пайғамдарды өлтіруді сұрайды.

Проваслав және католик сеніміндегі жандар үшін бұл жұманың әр күні қасиетті. Дегенмен, бейсенбі, жұма және сенбінің өзіндік мәні бар екен. Мәселен, бейсенбіде Иса пайғамбар шәкірттерін жинап алып, кездесу өткізген деседі.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Осыдан 2 мың жыл бұрын Иса пайғамбар шәкірттеріне өзін құрбандыққа шалуды сұрап, “менің етімді жеп, қанымды ішіңдер” депті. Осылайша мен сендердің бойларыңа еніп, күллі күнәдан тазартамын деген екен. Жұма – Иса пайғамбардың қайтқан күні. Ал, сенбі күні адамдар ақ киім киеді. Және аса сөйлемей жүреді. Олар тек шіркеуге барып, дұға оқиды.

Қасиетті аптаның себісінде христиандардың назары Иерусалим қаласына ауады. Өйткені, бұл күні Иса пайғамбардың рухына бағышталып от жағылады. Егер де алау бірден тұтанса оның әлі де тірі екендігін дәлелдейді. “Страстная неделя”-дан соң христиандар “Пасха” мерекесін атап өтпек.

 

Култанов Байболат