МТРА жаңалықтары

СҚО-да су қоймаларындағы жаңғдай әзірге тұрақты

Бұл шамамен 700 текше метрді құрайды. Бүгінде бөгеннің ернеуінен асуына 45 см қалыпты. Қазір мұнда тәулігіне 1 млн 20 мың текше метр тіршілік көзі босатылуда. Ал Петропавл су қоймасына 1 күнде 1,4 млн текше метр су келген. Оның 1,3 млн-ы бірден ағызылып жіберіліпті. Қазір облыс орталығындағы тораптың толуына әлі шамамен 23 см бар. Мұндай мөлшер бөгеттің жұмысына ешқандай кедергі келтірмейді дейді мамандар.

Сондай-ақ, облысымызда тұрғын үйлердің су астында қалмауы да назарға алынған. Бұл ретте өңір елді-мекендерінде бірқатар шаруалар атқарылуда. Мәселен, бүгінге дейін 170 ауылды аймақта 19 мың текше метрден астам қар суы сорып шығарылған.

 

Айгерим Ержанова