Спорт

Петропавлда әуесқой футболшылар арасында қалалық ашық біріншілік өтеді

Ал жұма күні біріншілікті бастайтын командалар тізімі белгілі болды. Алғашқы ойын “Жастар” стадионында “Қарасай” мен “Сибирь” құрамалары арасында жүргізілмек. Ал қыркүйек айында жарыстың қорытындысы шығарылып, чемпиондарға жеңімпаз кубогы табысталады.

Сұлтанбек Төлегенов – “Жас Отан” ЖҚ белсендісі:

– Өткен жылмен салысытырғанда биыл бірнеше ерекшелік бар. Ол осы турнир 2 лигада өтеді. Және жаңа құрамалар өнер көрсетпек. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғайды. Ол қазан айына жоспарланып отыр.

 

Айгерим Ержанова