Спорт

Солтүстікқазақстандық боксшы халықаралық турнирден олжалы оралды

Алдияр Кәкімов, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы:

– Жарыста 4 кездесу өткіздім. Алғашқы жұдырықтасуым ерекше есімде қалды. Қарсыласым ОҚО-ның спортшысы болды. Өте мықты екен. Бірақ, мен бар күш-жігерімді салып, жеңіске жеттім.

Дәстүрлі турнир осымен 16 жыл қатарынан өткізілуде. Оған жыл сайын алыс-жақын шет елдің спортшылары өз елдерінің намысын қорғауға келеді. Биылғы жылы 8 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері өзара бақтарын сынасты.

Денис Языков, СҚО бокстан аға жаттықтырушысы:

– Аталмыш жарыста өңір намысын 7 спортшы қорғады. Біздің бокшыларымыз 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Алдияр Кәкімовке осы додадан кейін ҚР бокстан спорт шебері дәрежесі берілді.

Алдияр осы жетістігімен шектелмей, жуық арада жастар арасында өтетін жарысқа қатыспақ. Ол сәуірдің соңында Шучинск қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Тогжан Акмагамбетова