МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Депрессия: кел, сөйлесейк” тақырыбында брейн-ринг өтті

Инна Калимбет – “СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС директорының орынбасары:

– Былтыр “Зика” вирусына қарсы дөңгелек үстел отырысын өткізгенбіз. Онда жастар жиылып бұл тақырып төңірегінде біраз әңгімелескен еді. Енді, биыл депрессия жөнінде студенттермен кездесіп отырмыз. Қазіргі таңда жасөспірімдердің жиі күйзеліске түсетіндігі жасырын емес. Осы шарада одан арылудың жолдарын талқылаймыз. Бүгінгі жиынға қаламыздағы 6 колледжде білім алатын ұл-қыздар қатысып отыр.

Сонымен сайыс басталып кетті. Студенттерге берілген алғашқы тапсырма – Дүниежүзілік денсаулық күніне арнап өздерінің эмблемаларын салу. Бұл жұмысты 6 топқа бөлінген жастар небәрі 10 минуттың ішінде орындады.

Келесі сайыста қатысушылар жүйкесі жұқарған қыздың жағдайын талқылады. Олар өзара пікірталас ұйымдастырып Анеля есімді бойжеткенге күйзелістен шығуына көмектесті.

Ринат Богисов – Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің 2-курс студенті:

– Өмірде жиі қамығатын адам табиғат аясында көп серуендеуі керек. Спортпен шұғылданып, адамдармен жиі араласқаны дұрыс. Тағы, әрбір қиындыққа мойымай төзе білген абзал. Сонда күйзеліске түспейді деп ойлаймын.

Жалпы, сайыс 6 тапсырмадан тұрды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Култанов Байболат