Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдегі су қоймаларында жағдай тұрақты

Қазіргі таңда Сергеев су қоймасы 92 пайызға толған. Одан секундына 13,4 текше метр су босатылуда. Петропавл су торабында да жағдай тұрақты. Қойма 88 пайызға толды. Тәулігіне оған 21 млн текше метр қарғын су келіп жатыр. Мұндай мөлшер бөгеттің жұмысына ешқандай кедергі келтірмейді дейді мамандар. Тиісті ведомство басшылығының айтуынша, әзірге, аудандарға алқаптардан қар суы жеткен жоқ.

 

Берік Қасен