Аптадағы маңызды жаңалықтар

Газ бен энергия бағасы өспейтін болды

Осыған дейін 3 монополист компания – «Севказэнергосбыт», «Солтүстікэнерго орталық» және «Горгаз сервис» көрсететін қызметтері үшін бағаны 1-ші сәуірден өсіру туралы ұсыныс жасаған болатын. Алайда, олардың құжаттары дұрыс болмағандықтан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті өтініштерін қабылдамаған.
Бұл, әзірге, уақытша ғана. Өйткені, тарифті өсіру туралы кәсіпорындар құзырлы органға жылына бірнеше рет жүгінуге құқылы екен.

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:


–  Біздің департамент бұл өтініштерді қарастырып, қоғамдық тыңдаулар өткізді. Бұл өтініштерді толық бермегендіктен мақұлдамады. Олар құжаттарын толық көрсеткен. Сондықтан, 1 сәуірден тарифтер өспейді
.

 

Магжан Ахмадина