Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК ел кубогы аясындағы іріктеу сынынан іркілмей өтті

 

Алғашқы болып есепті оңтүстікқазақстандықтар ашты. 45-ші минутта 11 метрлік айып добынан Рахматулла Жакудаев мүлт кетпеді. Ал қаһарға мінген теріскейліктер Александр Соколенконың көмегімен таразы басын теңестірсе, Тимур Мульдинов соққан голдың арқасында жеңіс тойын тойлады.
Турнирлік кестеде 4 ұпай жинаған петропавлдықтар екінші орыннан ел кубогының 1/8 финалына өтті. Енді келесі қарсылас сәуірдің 7-і күні өтетін жеребе тастау рәсімінде анықталады. Айта кету қажет, бұл кезеңде іріктеуден іркілмей өткен командалар Премьер-лига клубтарымен қатар бас жүлдеге таласады.

Риат Шони