МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жергілікті билік өкілдерімен өңіріміздің құқық қорғау органдары, тағы аумақтық департаменттер бірлесіп жұмыс жасамайды. 2016 жылы 1400-ден астам мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курсынан өтуі керек болатын. Алайда 9 айдың ішінде солардың тек 1021-і ғана курстарға қатысқан. Жоспар 73 пайызды құрап отыр. Тиісті қаржы бөлінсе де облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірде-бір қызметкері оқудан өтпеген.

Ведомствалардың сайттарында сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған арнайы бөлім бар. Бірақ ондағы жұмысқа да бас ауыртып жатқандар шамалы. Өйткені сайттар жаңартылмайтын көрінеді. Кей департамент пен басқармаларда ішкі сараптама жұмыстары да дұрыс жасалмайтын көрінеді. Ал кейбірінде ол тіпті қағаз жүзінде ғана көрініс табады екен.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Ай сайын өзім жеке әр қайссыларыңыздың жасаған жұмыстарыңды қадағалайтын боламын. Кей департамент пен басқармалар жақсы шаралар жасапты. Неге солардың тәжірбиесін қолданбасқа. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу бойынша біз жақсы орында тұрмыз. Сондықтан бұл шаруаға қарқын қосыңыздар.

Осы мәселе бойынша Тайынша, М.Жұмабаев және Айыртау аудандарының әкімдері есеп берді. Комиссия мүшелері тындырылып жатқан шаруа нәтижесіз деп тапты. Жіберілген қателіктерді түзетуге кеңес берді.

 

Магжан Ахмадина