Бизнес және экономика

Еліміздегі инфляция деңгейі 2,3%-ды құрады

Еліміздегі инфляция деңгейі 2,3%-ды құрады. Осы жылдың үш айында азық-түлік тауарларының бағасы -3,2, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге 1,7%-ға өсті. Ал өңірімізде ақпан айында теңгенің құнсыздану деңгейі 2,5 пайызды құраған. Жыл басынан азық-түлік тауарларының құны – 1,5, азық-түлік емес тауарлар 1,2 пайызға өсті. Ақылы қызметтердің бағасы 5 пайызға шарықтаған. Облысымызда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс минимумы 20 мың 267 теңгеге шақталды.

Берік Қасен