Спорт

Ел кубогы аясында “Қызыл-Жар СҚ” алғашқы ұпайын еншіледі

Петропавлдық ұжым сәуірдің бірі күні түзде оңтүстікқазақстандық “Мақтааралмен” күш сынасқан болатын. Ойынның алғашқы бөлігінде алаң қожайындары қақпашымызды қапы қалдырып алға шықты. Гол авторы – Гейсар Алекперзаде. Ал жерлестеріміз болса есепті тек 81-ші минутта ғана теңестіре алды. Ильдар Аитовты алмастырған қорғаушы Александр Соколенко әріптесі Али Алиевтің берген пасын ұтымды пайдалана алды. Қорытынды есеп 1-1. Енді жалғыз ғана ойын өткізген “Қызыл-Жар СҚ” турнирлік кестеде 1 ұпаймен екінші орында тұр. Ал 4 ұпай еншілеген “Мақтаарал” болса көш басында. Жерлестеріміз келесі кездесуін сәуірдің 4-і күні шымкенттің “№7-ші Футболдан олимпиада резервіндегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі” командасына қарсы өткізбек.

 

Риат Шони