МТРА жаңалықтары

Петропавлда жас құтқарушылардың облыстық слеті өтті

Серік Шақабаев – СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ кадр жұмысы бөлімінің бастығы:

– Өрт сөндірушінің жұмысы қауіпті. Жас мамандар сақтық шараларын білулері шарт.

Тағы, жиында облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ардагерлері де сөз алды. 30 жылдан аса еңбек өтілі бар Ерік Мәжитов жастарға өз ақылын айтты.

Ерік Мәжитов – СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ ардагері:

– Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде өз басын қауіпке тіге тұра адам өміріне араша түседі. Сол себепті, сендер кез келген уақытта сақ болуға тиіссіңдер. Қиындыққа мойымай, берген анттарыңа адал болып қызмет етіңдер.

Сонымен қатар, шара барысында төтенше жағдайлар саласының қызметкері Мұрат Әбілғазинге “Жылдың үздік жас маманы” ретінде алғыс хат табысталды. Ол былтыр Мамлютка қалалық №15 өрт сөндіру бөлімінің автокөлік жүргізушісі болып жұмысқа орналасыпты. Сол уақыттан бері 30-дан аса төтенше жағдай орын алған жерге құтқарушыларды дер кезінде жеткізген.

Мұрат Әбілғазин – Мамлютка қалалық №15 өрт сөндіру бөлімінің автокөлік жүргізуші-қызметкері:

– Жылдың басында біздің бөлімге Мамлютка қаласындағы нысаннан өрт шықты деген хабар түсті. Құтқарушыларды апат орын алған жерге жылдам жеткіздім. Мамандар өз істерін уақытында атқарып, тілсіз жауды сөндірді. Осының арқасында қызыл жалын тигізген зардапты азайттық.

Айта кетейік, Петропавлда жас құтқарушылардың слеті осымен 2-ші рет ұйымдастырылып отыр.

 

Култанов Байболат