МТРА жаңалықтары

Алыс жолға шығып күртік қарда көліктерімен батып қалған 324 адам құтқарылды

Қатты желдің салдарынан республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдармен қатынаған көліктердің қозғалысы қиындаған. Ыңғайсыз жағдайда қалған жолаушыларға жол қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы органдар және тәртіп сақшылары көмекке келген. Күртік қардан 100-ден астам көлікті шығару үшін 13 инженерлік техника пайдаланылды.

 

Эльмира Садуакасова