Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда “Бірыңғай төлем құжаты жүйесі” енгізіледі

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Бірыңғай төлем құжаты жүйесі” “Қызылжар су” және “Севказэнергосбыт” серіктестігі арасында жасалған келісім шарт аясында жүзеге аспақ. Енді тұрғындар жылу, жарық, ауыз су және кәріздік жүйе мен ПИК қызмет құнын біздің кәсіпорынның қаламыздағы 3 бірдей төлем қабылдау орталықтарында коммиссиясыз өтейді. Тағы, мұндай мүмкіндікке жерлестеріміз ғаламтор арқылы да оңай қолжеткізе алады. Ол үшін біздің серіктестіктің сайтына тіркеліп, сол жерден әр адам жеке кабинет ашса болғаны.

Қазіргі таңда “Севказэнергосбыт” кәсіпорнының сайтында 4 мыңға жуық қала тұрғыны жеке кабинет ашқан. Сонымен қатар, жерлестеріміз 2-ші деңгейлі банктерде бір түбіртек арқылы коммуналдық төлем жасау мүмкіндігіне ие. Тек соңғы аталған қызмет белгілі мөлшердегі комиссия арқылы жүзеге аспақ. Айта кетейік, жаңа жүйе енгізілген соң “Қызылжар су” серіктестігінің шаһардағы ауыз су төлемдерін қабылдайтын 9 бірдей орталығы жұмысын тоқтатпақ.

Марина Кругляк – “Қызылжар су” ЖШС бөлім басшысы:


–  “Қызылжар су” кәсіпорнының төлем қабылдау орталықтары мамыр айында жұмысын тоқтады. Бұдан кейін, тұтынушыларымыз ауыз судың төлем құнын “Севказэнергосбыт” кәсіпорнында жасайды. Бұл біз үшін тиімді болып отыр. Бұрын түбіртек басып шығаруға ақша жұмсасақ, енді оған қаражат шығындалмайды. Жұмыссыз қалған кассирлеріміз мекемедегі басқа қызметке ауыстырылады.

Қала тұрғындары коммуналдық төлемді бір түбіртек арқылы жасау жүйесін қолдап отыр.

– Мен – өзім ПИК төрайымымын. Қазір үйдің құжаттарын жаңа жүйеге сай әзірлеп жатырмын. Бұл біздер үшін тиімді болады.


–  Шынымен де өте ыңғайлы. Бірнеше мекемені аралап сабылмайтын болдық. Осында келіп төлесек, уақыт үнемделеді.

Сонымен қатар, болашақта “Бірыңғай төлем құжаты жүйесі” арқылы тағы да бірқатар коммуналдық қызмет түрлерін өтеуге болады. Қазіргі уақытта “Севказэнергосбыт” серіктестігі қаламыздағы “Горгаз-сервис” және тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындармен осы жөнінде келісім жүргізуде.

 

Байболат Құлтанов