Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Өңірде дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ақпараттық топтар бас қосты

Аталмыш ведомство теріс ағымға кіріп кеткен азаматтарды оңалтумен де айналысады. Елордалық мейман жастар арасында діни сауаттылықты арттыра түсу керек деді.

Мейрам Иманбаев – Дін істері комитетінің ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы:

– Бүгін біз жалпы дін саласындағы басымдықтарды түсіндіреміз.

Айта кетсек, бүгіндері өңірімізде дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін 4 ақпараттық-насихат тобы бар. Оның құрамында 259 адам болса, соның 15-і облыс орталығында жұмыс жасайды.

Руслан Нұрғалиев – Петропавл қаласында дін мәселелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат тобының кураторы:

 

– Біз қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ, оларға түрлі діни ағымдардың арбауына түсіп қалған адамдар жайлы бейнефильмдер көрсетеміз.

Үстіміздегі жылы осындай ақпараттық топтар 150-ден астам іс-шара ұйымдастырған. Оған 9 мыңға жуық солтүстікқазақстандық қатысыпты.

Тогжан Акмагамбетова