Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары ресейлік әріптестерімен бейне байланысқа шықты

Құқық қорғаушылар жиын барысында 3 өзекті мәселені талқылады. Алғашқысы – көлік ұрлығына қатысты. Жыл басынан бері біздің өңірде 14 темір тұлпар жоғалған. Көп жағдайда баукеспелер полицейлердің құрығына түспес үшін көліктерді шекара асырып жібереді екен. Сол себепті, қазір көршілес елдің мамандары ұрланған машиналарды бірлесіп іздеу үстінде. Ал, биыл теріскейлік тәртіп сақшылары Ресейде жоғалған 3 бірдей көлікті біздің облыстан тапқан. Анықталғандай олардың нөмірлері ауыстырылған екен. Тағы, жиында қос азаматтық жайлы сөз болды. Биыл Солтүстік Қазақстанда екі мемлекеттің тұрғыны ретінде тіркелген 12 азамат ұсталған. Заң бұзушылардың 11-і – ресейлік, 1-еуі Германиядан келген. Оларға 100 АЕК айыппұл салыныпты.

 

Култанов Байболат