Жергілікті “Құлагер” ХК сырт алаңда павлодардық “Ертіске” есе жіберіп алды

Спорт

14:27 28 Наурыз 2017

Олар теріскейлерді 1-де 0 есебімен ұтты. Бұл кездесудің алғашқы периодында-ақ қос құрама ойыншылары бір-бірінің қақпасына қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен үзіліске тең тарасты. 2-ші кезеңде ертістіктер есеп ашып, жеңіске бір табан жақындады. Матчтың қалған бөлігінде жерлестеріміз басымдық танытқан болатын. Әсіресе, Евгений Чемерилов, Максим Волков және Ильгиз Нуриев сынды сұрмергендер көзге түсе алмады. Осылайша, “Құлагер” ХК біріншіліктің плей-офф сынында сүрініп, жүлдеден құр қалды.

Култанов Байболат