Мәдениет

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Театрға тағзым» атты концерт өтті

Бұл күні әртістер көрермендерін өнерлерімен ғана тәнті етіп қоймай, құттықтаулар қабылдап, 7 аталым бойынша «Алтын сақа» премиясының жүлдегерлерін анықтады. Шара барысында мүсінше мен арнайы дипломдарды соңғы уақытта үздік рөлдерді сомдаған әртістер иеленді. Бұл күні үздік қызметкерлер де назардан тыс қалмады. 17 жылдық тарихы бар театр осы уақыт ішінде 60-тан астам қойылымды сахналаған. Соңғы 17-ші маусымда 4 спектакль мен 2 ертегі көрермен назарына ұсынылыпты.

 

Акбопе Танирберген