МТРА жаңалықтары

Өңірде жаңадан тағайындалған мәслихат депутаттары белгілі болды

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда халық қалаулылары наурыздың 26-сы күні кезектен тыс өткен сайлау нәтижесінде белгілі болды. Облыстық мәслихатта өз орнын босатқан Ирина Тухватулинаның орнына, шаһар тұрғындары Екатерина Старостинаны лайық деп таныды. Оған 71 пайыз дауыс берілген екен.

Осылайша 23 жастағы нәзік жанды Петропавлдағы ең жас депутат деп танылды. Ол қалалық жастар бастамалары орталығында нұсқаушы болып жұмыс істейді. Енді, Екатерина Старостина 28-ші сайлау округіне жауапты. Сонымен қатар, кезектен тыс сайлау Ақжар ауданында да өтті. Айта кетейік, халық қалаулыларын таңдауға 9 мыңнан аса жерлесіміз қатысқан.

Бейбіт Исманов – СҚО сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлауға түскендердің орта жасы 34-ті құрайды. Олардың барлығы жоғары білімді. Депутаттарды таңдау кезінде ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Ақжар ауданында жаңадан 2 халық қалаулысы тағайындалды. Бұл орынға Ленинград ауыл шаруашылық колледжі директорының орынбасары Амангелді Көпеев пен Ақжарқын орта мектебі директорының орынбасары Рашит Жанбаев лайық деп танылды.

 

Култанов Байболат