МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында түркі мәдениетінің фестивалі өтті

Бәрін бір арнаға тек ортақ тарихы ғана емес, мәдениеті мен бір-біріне ұқсас тілі де тоғыстырады. Бүгінгі іс-шара осының дәлелі болды. Бүгін фестивальға қатысушылар көрермендерге ән-жырдан шашу шашты. Дастархан жайып, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.

Жангелді Тәжин – «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» ҚБ ақсақалдар алқасының төрағасы:

– Түркі халықтарының мәдени, рухани байланысы бұрыннан белгілі. Олардың қарым-қатынасы әрқашан бұндай болды деп айта алмаймыз. Бірақ, еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстан – түркі тілдес халықтар достығының ұйытқысы деп айтуымызға болады. Биыл қасиетті Түркістанымыз-түркі халықтардың мәдени және рухани орталығы болып отыр.

 

Эльмира Садуакасова