Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-патрульдік полиция бөлімдері командирлерінің оқу-жаттығу жиыны өтті

Басты мақсат – аудандық, қалалық полиция бөлімшелеріндегі жеке құрамның мүмкіндігін дамытып, кәсібиліктерін нығайта түсу. Оқ атып, физикалық дайындықтарын көрсету үшін екі бөлмелі үйдің жылжымалы макеті пайдаланылуда. Мұнда полицейлер тар жерде қылмыскерді құрықтауда жүзеге асыратын амал-айлаларын көрсетеді. Тәртіп сақшыларының дайындығын пысықтап, қырағылығын арттыратын шара ІІД басшылығының қатаң қадағалауымен өтуде.

Ерлан Қабдуалиев – СҚО ІІД Мамандандырылған дайындық басқармасының аға инспекторы:

– Мұндай шаралар біз үшін өте пайдалы. Оқу-жаттығу жұмыстарының нәтижесінде жеке өқұрамның дайындығы шыңдалады.

 

Акбопе Танирберген