МТРА жаңалықтары

Өңірде қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 31 млрд 975 млн АҚШ долларын құрады

Импорт 72 пайызға өсіп, 19,5 млн долларды құрады. Теріскейліктер арасында Белорусь, Қырғызстан және Ресей елдерінің тауарларына деген сұраныс артқан. Ал, отандық өнімді сату жағы керісінше, төмендеген. Экспорт көлемі қаңтарда 30 пайызға азайып, 3 млн теңгені құрады. Негізінен өңір ЕАЭО елдеріне ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайды. Аталған тауар түрі экспорт көлемінің жартысын құрап отыр. Ал, екінші орында – металл бұйымдар болса, үшінші болып минералды өнімдер тұр. Жалпы алғанда, қаңтардағы сыртқы тауар айналымы 40 млн долларды құрады. Оның 70,5 пайызы ЕАЭО елдеріне тиесілі.

 

Акбопе Танирберген