МТРА жаңалықтары

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Халида Сағат – М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

– Бүгін бірнеше мекемеге өзімнің түйіндемемді қалдырдым. Маған хабарласып, кейін жұмыс береді деген ойдамын.

Бұл – биылғы ұйымдастырылып отырған алғашқы жәрмеңке. Шара барысында 10 компания 400-ге жуық кәсіп ұсынбақ. Қазіргі таңда облыс бойынша 750-ге тарта жерлесіміз жұмыссыз жүр.

Алмас Аманжолов – СҚО Жастар ресурстары орталығының бас маманы:

– Айта кетсек, өткен жылы біздің мекемеге жұмыс іздеп жүрген жастардан 542 өтініш түскен болатын, олардың 360-н жұмыспен қамтыдық. Ал, биылғы жылы өңіріміз бойынша 438 жас жұмыссыз деп тіркелген. Оларға бүгінгі таңда біздің орталық 300 бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Сондай-ақ, 10 кәсіпорынның өкілдері келіп, түйіндемелерді қабылдауда. Бүгіндері заңгер, педагог, дәрігер, жүргізуші, менеджер мамандықтары тапшы.

Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 100-ге жуық адам келіп, 40-ы екі қолға бір күрек ұсынған компания өкілдеріне түйіндемелерін қалдырыпты.

 

Риат Шони