Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД-нің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінде ерекше сабақ өтті

Бұл жолы қазақ тілін меңгеруге келген полицейлер қазақ халқының мәдениетімен де жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Мерекелік сабақта өзге ұлт өкілдері сақина салу сынды ойындар ойнап, Наурыз көже дайындаудың қыр-сырын меңгерді. Сонымен қатар ,ерлер мен әйелдер болып екіге бөлінген топ “Кел, танысайық”, “Кім шапшаң” конкурстарында өзара мықтыны анықтады. Еске сала кетейік, қазір мемлекеттік тілді дамыту бөлімінде 200-ге жуық тәртіп сақшысы білім алуда.

Сән Жұмағазина – СҚО ІІД тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы:


–  Сабақтың мақсаты – ұлттық құндылықтарды көрсетіп, тілді меңгерту. Бүгінгі шарада қатысушылар наурыздың шығу тарихын айтатын болады. Сонымен қатар, бірнеше сыннан өтеді,

Алтынбек Жамалиев – СҚО ІІД ЖҚАЖ инспекторы:

– Тәртіп сақшылары спортқа да жақын. Ұлттық ойындарды да жақсы біледі.Мондықтан бүгінгі топтық сыннан сүрінбей өтеиіз деген сенімдемі.