“Қуаныш” ВК көш басында нық келеді

Спорт

14:20 18 Наурыз 2017

Бұнда республиканың түкпір-түкпірінен келген 5 құрама мықтыны анықтайды. Өңір намысын “Қуаныш” волейбол клубының қыздары қорғайды. Айта кету қажет, артта қалған үш турдың қорытындысы бойынша теріскейлік бұрымдылар 36 ұпаймен көш бастап тұр. Ал олардың соңынан ілескен басты қарсыластары қостанайлықтар 27 балмен екінші орынды қанағат тұтуда. Кезекті тур аясында жерлестеріміз алғашқы кездесуін наурыздың 21-і күні “Қостанай” волейбол клубына қарсы өткізбек. Егерде жерлестеріміз алғашқы екі матчтын қатарынан таза ұтса, онда мерзімінен бұрын чемпион атанбақ. Ал бұл жарыста жеңіске жеткен құрама Ұлттық лигаға жолдама алады. Чемпионаттың соңғы 5-ші туры Петропавл қаласында өтеді деп жоспарланған.

Риат Шони