МТРА жаңалықтары

Наурыз мейрамы төтенше жағдай департаментінде атап өтілді

Мерекелік іс-шараға 5 ұлт өкілдері дайындалған. Олар қазақ, орыс, татар, әзірбайжан және сыған халқы. Әрбірі ұлттық дәстүрден үзінді көрсетіп, көрермендерге ән-шашу тарту етті.

Кенжебек Қожахметов – Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері:

– Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері сыған халқының дәстүрін дайындадық. Қойылым жақсы өтті деген ойдамын.

Сондай-ақ, алаңда “Алтыбақан” орнатылып, түрлі ұлттық ойындар да ойнатылып жатыр. Сайыстың келесі кезеңінде әр халықтың ұлттық ас түрлері ұсынылған. Әр дастарханның көркін келтіретін басты тағамдары да бар.

Айкүміс Қоспанова – Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері:

– Наурыз мейрамын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жылда ұйымдастырылады. Бүгін 5 ұлт өкілдерінің тағамдары дайындалып, дәстүрлері көрсетілуде.

Сайыс жеңімпаздары грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Эльмира Сәдуақасова