МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданының ұстаздары Елбасы Жолдауын талқылады

Жолдаудағы 4-ші басымдықта жастардың өздігінен іздену қабілеттерін арттырып, мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана алу туралы айтылған. Мұны басқаша функционалдық сауатылық деп атайды.

Гульмира Завьялова – ата-ана:


– Менің балам 9-сыныпта оқиды. Болашақта ол да жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсырады. Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова биыл ҰБТ мен мектеп қабырғанда тапсырылатын емтиханның форматы сәл өзгеретінін айтты. Бірақ тестілеуде 11 жылдық оқу бағдарламасының тапсырмалары қамтылады деді. Түлектердің ата-аналарына алаңдауға еш негіз жоқ деді. Осы сөз менің көңілімді орнына түсірді.

Осы күні Шолпан Каринова Дубровное орта мектебінің кабинеттерін аралады. Мекеме химиия, биология, физика, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда, материалдық-техникалық базасы мығым. Мектепте электронды күнделік құрылыпты.

Наталья Кузаева – С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебінің физика пәні мұғалімі, Мамлют ауданы:


– Электрондық күнделік арқылы ата-аналар қолда бар ұялы телефон мен компьютер арқылы интернетке кіріп балаларының бағаларын көре алады. Мұнда бәрін анық етіп көрсетілген. 5 пен 4 бағасы қызылмен белгіленген. Тоқсандық, жылдық бағаларды көруге болады. Ата-аналар электрондық күнделікті ашу арқылы балаларының сабаққа қатысқандығын біле алады.

Қазіргі таңда жаңа стандарт бойынша 1-сынып оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеруде. Бұл жаңашылдықтан Дубровное орта мектебі де қалыс қалмады.

Бүгінде өңірімізде 8000 бүлдіршін жаңа бағдарлама бойынша білім алуда.

Марина Линник – С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі директорының орынбасары, аудық мәслихат депутаты, Мамлют ауданы:


– Елбасы халыққа Жолдауында әсіресе, балаларды жастайынан үш тілде оқытуға басымдық беру керектігін атап өтті. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылмақ. Сонымен қатар, Елбасы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет деп айтқан болатын.

Жоғары сыныптарға сабақ беретін ұстаздар да шет тілін үйренуде. Былтыр мыңға жуық ұстаз жаңа стандарт бойынша біліктіліктіліктерін
артырыпты. Алдағы 3 жыл көлемінде өңірдегі барлық білім ошақтары жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады.
Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Осы бағдарлама аясында ауылдық және селолық округтерде мобильді топ жасақталды. Олар 15 пен 45 жас аралығындағы азаматтарды жұмысшы мамандықтарын меңгеруге үгіттемекші.

Шолпан Каринова – СҚО Білім басқармасының басшысы:

– Мобильдік топ кәсіптік-техникалық білім алғысы келетін, бизнес ашуға ынталы жастарды тізімге алып, оларға бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге көмектеседі.

Тегін оқытуға ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар тартылады. Оларға жолақысы, шәкіртақы төленбекші.

Берік Қасен