Құқық қорғау органдары

Ел аумағында болу тәртібін бұзған 70 шетелдік азамат аластатылды

Ауыр қылмыс жасап істі болған ол 2009 жылы 13 жылға абақтыға тоғытылған. Кейін жеңілдік алып, мерзімінің қалған бөлігі түзету жұмыстарына алмастырылыпты. Осылайша, тапқан ақшасының 20%-ы мемлекет шығынын жабуы керек болатын. Бұдан қашқан қылмыскерге мемлекетаралық іздеу салынған. Бұл жайлы жедел-алдын алу шарасы барысында анықталып, қазір ол Петропавлдағы уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдікті:

– Я хотел заработать и ушел из Узбекистана. Здесь хотел заработать и оплатить там, отдать долг. Закрыть это дело.

“Гастербайтер” жедел-алдын алу шарасы еліміздегі шетел азаматтары тарапынан жасалған заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында ұйымдатырылды. Оның аясында өзге елден келгендер көп шоғырланған жерлерде рейдтер жүргізілген.

Екі күнге жалғасқан “Гастербайтер” жедел-алдын алу шарасы аясында ҚР-на кіру ережелерін бұзған 70 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды.

Акбопе Танирберген