Қазақ Ұлттық би академиясы таланттарды іздейді

МТРА жаңалықтары

13:28 15 Наурыз 2017

Петропавлда үш күн болып, аудандар мен облыс орталығынан 100-ден артық 4-5 сынып оқитын балғындарды байқаған. Нәтижесінде 2 қыз бала ғана кәсіби бишілердің көзіне түсіпті. Оқушының бұрын бимен айналасуы маңызды емес. Бастысы – келбетті, сұңғақ бойлы, сүйегі қатпаған, бойында әртіске тән қасиеттерінің болуы. Аталған талаптарға сай теріскейлік екі бүлдіршінді енді мамыр айында Астанада өтетін түпкілікті іріктеу кезеңі күтіп тұр. Бақтары жанып, өтіп кетсе, Елордадағы Қазақ Ұлттық би академиясының тәрбиеленушісі болып шыға келеді. 8 жыл бойы ақысыз кәсіби білім алады.

Гүлнар Әлиева, Қазақ Ұлттық би академиясының бөлім басшысы, Астана қаласы:

– Өте көп ұл балаларды қарадық. Бойлары ұзын, әдемі. Өкінішке қарай, ешбірінде балетке қажет қабілеттері жоқ. Солтүстік өңірлерде қатты суық ауа райы баланың сүйегіне әсер етеді. Еліміздің әр өңірінен іріктелген балалар мамырда Астанадағы үлкен іріктеу емтиханына келеді. 4-5 сыныпқа 60 бала қабылдаймыз. Түсіп кетсе 8 жыл оқып, дипломын алып шығады. Біздің мақсатымыз – үздік оқу орнында оқуға лайықты нағыз таланттарды анықтау.

Акбопе Танирберген