Қоғам

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мейрамы тойлануда

Кейін, ұл-қыздар алаша үстіне қаз-қатар жайғасты. Олар ұлтымыздың көне салт-дәстүрі туралы әңгімені ұйып тыңдады. Мұражай қызметкері Ғалия Балтабаева жиналғандарға “Аластау” ырымын түсіндірді. Жастарға мұның бәрі қызықты. Ал, Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі дәмді тізбектелгенде балалар да өз білгендерін айтуға асықты.

Жансұлу Бекенова – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Мұндай жиындардың жастар үшін тәрбиелік мәні зор. Олар тарихымызбен танысып, салт-дәстүрімізді біле алады.

Мұнымен мерекелік бағдарлама аяқталған жоқ. Бұл жерде тағы ұл-қыздар ыстық бауырсақтан да ауыз тиді. Кейін, балғындардың көңілдерін Алдар көсе көтермек. Оқушылар “Теңге ілу”, “Қыз қуу” сынды ұлттық ойындарда бақтарын сынады.

Музейдегі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара оқушылардың көңілдерінен шыққан сыңайлы.

Ажар Мұқышева – №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаттың оқушысы:

– Маған бүгінгі күні өте ұнады. Достарыммен ойнап, күлдім.

Бұдан соң, ортаға Қыдыр ата шықты. Ол алақан жайған жастарға бата берді.

Шара соңында ұл-қыздар қолдарындағы шүберектерін “Арман ағашқа” байлап тарысты. Жалпы, облыстық тарихи-өлкетану музейіне наурыз айының 18-і күніне дейін 50-ге жуық топ келіп, мерекелік кешке қатыспақ.

 

Култанов Байболат